Көкшетау қаласында құтқарушылар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау қаласында құтқарушылар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр

29.03.2024

Көкшетау қаласында су тасқынының салдарын жою жұмыстары түні бойы жалғасты. Құтқарушылар күшейтілген режимге көшкен. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан өзен арналарын кеңейтіп, су тараған аулаларды тазартты. Бүгін түнде шаһарда жаңбыр жауып, дауылды ескерту жарияланды. Дегенмен мамандар 24 сағат бойы тоқтамай жұмыс істеп жатыр.

Шерхан Қалымбек, құтқарушы:

Қазіргі кезде аулаларда қалған суларды сору және де жертөлелердегі суларды сорып, басқа жаққа аудару жұмыстары жүргізілуде. Күн демей, түн демей ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жұмысымызды әрмен қарай атқарып жатырмыз.


Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу