Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы басталды

03.01.2019

Алматыда Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты екінші сот отырысы өтті. Алдымен судья Кеңшілік Әбділдинов күдіктілерді кешіктіріп әкеліп, соттың уақытынан кеш басталуына себепкер болған айдауыл командиріне ескерту жасады.

Сонымен қатар, нақты істен көрі басқа мәселелерге басымдық берген судья тілшілерден сот залын босатуды сұрады. Оның себебін «сот ісіне кедергі келтіресіздер» деп түсіндірді. Ал, сот отырысында күдіктілер Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева Денис Теннің өліміне қатысы бар екендіктерін мойындаған жоқ. Дегенмен, олар көліктің айнасын ұрлағандарын растады. Жәбірленуші тараптың бұған қатысты өз айтары бар. 

Нұрлан Өстеміров, Жәбірленуші тараптың адвокаты:

- Олар Денистің шыққанын күтіп тұрған деп ойлаймын. Содан кейін оның көзінше айнаны шешкен. Осы кезде жанжал туындап, олар Денисті спорт алаңына алып кеткен. Сондықтан, сол жерде болған жағдайды анықтау керек. Тағы бір куәгер сотқа келіп, айғақтарын айтып түсініктеме бергеннен кейін біраз нәрсенің беті ашылады. Дегенмен, әлі көп жағдай жұмбақ күйінде қалып отыр.   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу