1700 бүлдіршінге арналған кеш. Алматыда қала әкімінің шыршасы өтті. Салтанатты шара әдеттегідей Орталық циркте сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен басталды. Қала әкімінің арнайы шақыруына ие болған балдырғандар 3D форматтағы шоу мен жануарлар өнерін тамашалап, шат-шадыман болды. Цирк әртістері сахналаған Жаңажылдық судоку қойылымы қиял-ғажайыпқа толы. Шараға жиналған балдырғандарды Аяз ата мен Ақшақар құттықтады. Биыл Алматы қаласы әкімі атынан ұйымдастырылған шараға балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары қатысты. Олардың арасында озат оқушылар да бар. Қала әкімінің атынан кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер, ойыншықтар және дәптер, қаламсап сияқты сыйлықтар тарту етілді.
Сымбат Сырымова, оқушы:
- Маған бүгінгі Жаңа жыл ұнап жатыр. Ол жерде әртүрлі кейіпкерлер көрініс ұйымдастырып жатыр. Маған әсіресе, атпен шыққан Аяз Ата мен Ақшақар ұнады.
Әрсен Әбдісаттар, оқушы:
- Менің көңіл-күйім өте күшті. Көңілді трюктар болды. Мен ең алдыңғы қатарда отырдым. Бұл Жаңа жылға бірінші рет қатысып отырмын.
Әсем ҚАБЫЛБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.