Академик Хайдар Арыстанбековке мемориалды тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Хайдар Арыстанбековке мемориалды тақта орнатылды

20.10.2014
Академик Хайдар Арыстанбековке мемориалды тақта орнатылды

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Хайдар Арыстанбековке мемориалды тақта орнатылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, мемлекет және қоғам қайраткерлері және академиктің жақындары мен туыстары қатысты. Мемориалды тақтаны ашу барысында қала басшысы Хайдар Арыстанбековтің елге сіңірген еңбегін атап өтті.

 «Хайдар Арыстанбеков елдің аграрлық саласына Қазақ ғылыми зерттеу институтының директоры және ҚазКСР Ауыл шаруашылығы академиясының президенті болып тұрған кезде көп еңбек сіңірді. Жоғары оқу орнына басшылық еткен 19 жыл ішінде ол кәсіби мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды»,-деді Ахметжан Есімов.

Құрмет тақтасы Хайдар Арыстанбеков тұрған Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасқан №128 үйдің қабырғасына орнатылды.

Хабарламаларға жазылу