Өскемен қалалық трамвай паркі банкротқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қалалық трамвай паркі банкротқа ұшырады

14.12.2018

Кәсіпорын бюджетке қыруар қарыз болып қалған. Биыл көктемде жеке компанияға тиесілі барлық трамвай көліктері мен ғимараттар тегіс аукционға қойылды. Электр қуатымен жүретін қоғамдық көліктерді облыстық әкімдікке қарасты «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы сатып алып, басқа кәсіпорынның қарамағына берген. Ал, «Өскемен қалалық трамвай паркі» серіктестігі Мемлекеттік кірістер басқармасының талабымен банкрот деп танылды. Кәсіпорынның мемлекет алдындағы қарызы 100 миллион теңгеден асып кеткен.

Жанат Өтешова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

- Берешек салық тексерісі нәтижесінде есептелген болатын. Яғни, қазіргі таңда барлығы 110 млн. теңге берешек. Оның ішінде негізгі берешек - 50 миллион теңге. Басқа мекемелерге берешегі туралы айтылған жоқ. Өйткені, талап-арыз жиналған жоқ. Банкорт болғаннан кейін, басқа мекемелерге қарызы бары белгілі болады.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу