Өскемендегі трамвай паркі жаңа 4 вагонмен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі трамвай паркі жаңа 4 вагонмен толықты

10.01.2023

Өскемендегі тарамвай паркі жаңа 4 вагонмен толықты. Әрқайсының бағасы 200 миллион теңге. Беларусь елінде жасалған. Толық заманауи үлгіде жабдықталған қоғамдық көлік енді қаладағы жолаушыларды тасымалдайды.

Жалпы Өскемендегі трамвай паркі 30 жылға жуық жекенің қолында болды. Тіпті соңғы 15 жылда бірнеше рет сатылған. Қолдан-қолға өтіп жүргенде кәсіпорынның әбден тоз-тозы шыққан. Вагондар мен рельстер және электр жүйесі де бірде-бір рет жаңартылмаған. Тек 2 жыл бұрын сот шешімімен мемлекетке қайтарылды.

Осыдан соң паркті қайта жаңғырту жұмысы басталды. Қазір қаладағы 32 шақырым болатын трамвай рельсінің 70 пайызы тозып тұр. Былтырдан бері ескі рельстің 3 шақырымы жаңартылды. Парктегі 60-қа жуық трамвайдың тең жартысы ғана жүруге жарамды.

Жақсылық Омар, қала әкімі:

Өскемен қаласы сіздер білесіздер, трамвай желісі бар үш қаланың біреуі. Осы трамвай транспортын дамыту үшін бізде кешенді жоспар құрылған болатын. Сол жоспар бойынша трамвай жүретін рельсті жөндеуді қолға алдық. Одан кейін жаңа трамвайларды әкелдік. Біздің Өскемен қаласының 30 % жолаушылары осы трамваймен жүреді. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін біз трамвай желісін ары қарай дамытуымыз керек?!

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу