Атырау өңірінде мамандар балықтарды құтқару жұмыстарына кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау өңірінде мамандар балықтарды құтқару жұмыстарына кірісті

10.12.2018

Атырау өңіріндегі Жайық өзенінің теңізге құятын арналарының бірінде көп балық кептеліп қалды. Егер аяз түсіп, су бетіне мұз қатса, таяз өзектегі балықтар қырылып қалмақ. Ал, мамандардың айтуынша, бұрын-соңды болмаған табиғат құбылысы су түбіндегі шұңқырларда қыстап қалатын балықтардың оянуы. Жайық өзенінен теңізге шығатын 9 арна бар. Олардағы судың тереңдігі 20-30 сантиметрден аспайды. Бүгінде балық қорғаушылар мен табиғат пайдаланушылардан құрылған топ  балықтарды құтқару жұмыстарына кірісті.

Амангелді Ахтанов, ихтиолог:

Балықтар қыста ұяларына жатып қалулары керек. Көктем уақытында ұяларынан шығып, уылдырық шашып, Жайықта көбейеді. Желтоқсан айындағы күрт жылынуға байланысты балықтар ұйқыдан оянып, теңіз бағытына қарай қозғалып кетті.

Асылбек Нұрмұханов,  балық қорғау бөлімінің инспекторы:

Егер бұл балықтар әрі қарай өтіп кететін болса, Зарослый каналында су деңгейі төмен, өлу қаупі болғандықтан, осындай бөгет қойып, қорғау жұмыстарының алдын алып жатырмыз.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу