Атырау облысында су маржандары құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында су маржандары құтқарылды

01.02.2024

Атырау облысындағы Жайық, Қиғаш өзендерінде балыққа оттегі жетпей, қырылып қалуы мүмкін деген қауіп бар. Себебі су айдындарының бетіне қалың мұз қатты. Сондықтан мамандар су маржандарын мұз құрсауынан құтқару шараларына білек сыбана кірісті. Биылғы қыста су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 30 сантиметрден асқан. Мұндайда су астындағы тіршіліктің тынысы тарылып, әсіресе балықтарға оттегі жетпей жатады. Сондықтан табиғат жанашырлары су айдынының көлеміне қарай мұз бетінен 10-15 жерден ойық жасады.

Темірхан Оңайбаев, «Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

Бұл майна балықтың өзінің уақытылы көбеюі, қырылып қалмауының алдын алу жұмыстары. Автокөліктер мұз үстіне шығып, судың астына кетіп қалып жатқан фактілері бар. Сол себепті халық назарына айтарымыз автокөлікпен мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу