Журналистің көтерген жүгі зіл батпан. Өйткені, ол билік пен бұқара арасын жалғап тұрған алтын көпір. Бұл туралы Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен кездескен қазақ телевизиясының ардагерлері айтты. Сондай-ақ, саланың саңлақтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандардың сұрақтарына жауап берді. Ал, ертең Ұлттық арнаның беделді журналистері Еркін Таңатқан, Қымбат Досжан, Данияр Меңлібеков пен Нартай Аралбайұлы студенттер үшін шеберлік сабақтарын өткізеді. Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай өтіп жатқан іс-шара әрі қарай Алматыдағы Қазақ Ұлттық университеті мен Түркістандағы Қазақ-түрік халықаралық оқу орнында жалғасады.
Ерлан Қожагелдиев, қазақ телевизиясының ардагері:
- Осы саладағы 40 жыл бойғы жұмысымызды саралап, ішінде болашақ журналистерге тәлім-тәрбие болатындай, соларға кішкене әсер ететіндей, оларды осы кәсіпке бейімдейтіндей тұстарын айттық. Естелік әңгімелер айтылды.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.