Талдықорғанда полицияға қолдау көрсету мақсатындағы «Жалын» жасағы жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда полицияға қолдау көрсету мақсатындағы «Жалын» жасағы жұмыс істейді

16.11.2018

Жетісулық жастар келер жылдың жұмыс жоспарын пысықтады. Талдықорғанда өткен Алматы облысы жастарының форумында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, кіші буынды отансүйгіштікке баулу мәселелері қаралды. Бүгінде Жетісуда 400 мыңнан астам жас бар. Олар облыста 67 үкіметтік емес ұйым құрып, белсенді жұмыс істеуде. Биыл полицияға қолдау көрсету мақсатында «Жалын» студенттік жасағы құрылды. Жас отбасыларға қолдау көрсететін «Бақыт» клубтары ашылды. 

Ерлан Жақып, Алматы облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Жастардың арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бағыты қамтылып отыр. Содан кейін бүгінгі таңда өзекті мәселе жастардың арасында діни экстремизм, терроризм көріністеріне қарсы тұру мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу