Ерлікпен қаза тапқандарды еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлікпен қаза тапқандарды еске алды

06.05.2019

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері құқық қорғау саласында 2 мыңнан астам адам қызметтік борышын өтеу кезінде қайтыс болған. Олардың ерлігі мен еңбегі еш уақытта ұмыт қалмайды. Бүгін Ішкі істер министрлігі Отан қорғаушылар күні қарсаңында қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, еңселі ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Қызмет жолында жанын құрбан еткен марқұмдардың ерен ерлігі мемлекет алдындағы борышты адал атқарудың озық үлгісі. Бүгінгі және болашаққа ұрпақ үшін тағылымды тәрбие. Айта кетейік, қызметін атқару кезінде қайтыс болған және жарақат алған азаматтардың отбасына қолдау көрсету мақсатындағы қор тұрақты жұмыс істеп тұр.

Кемел Жұмашев, ІІМ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қорының төрағасы:

- Қызмет кезінде ауыр жарақат алған 4 мыңнан астам азамат. Біз олардың отбасына көмек көрсетеміз.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу