Астанада түні бойы жауған қардан көшелердегі қозғалыс қиындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада түні бойы жауған қардан көшелердегі қозғалыс қиындады

09.11.2018

Бүгін астаналықтарды ақ қар алқымнан алды. Түні бойы жауған ақ ұлпа жол қозғалысына кедергі келтіріп, көшелерде кептеліс пайда болды. Коммуналдық қызмет жұмысқа жұмыла кіріскенімен, үсті-үстіне жауған қарды шығарып үлгеру мүмкін болмай тұр. Тазалау жұмыстарына 600-ден астам техника, 2000 мыңға жуық қызметкер шыққан. Таңнан бері жолдарға 630 текше метр құм себіліп, 4 мың текше метрге жуық қар қала сыртына шығарылды. Астана әкімдігінің хабарлауынша, тұрғын үй коммуналдық және қар тазалау мәселелері бойынша 109 нөміріне хабарласуға болады.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу