Нұр-Сұлтанда түнімен жауған қардың салдарынан 20-ға жуық әуе рейсі кешікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда түнімен жауған қардың салдарынан 20-ға жуық әуе рейсі кешікті

25.11.2021

Нұр-Сұлтанда түнімен толассыз жауған қардың салдарынан 20-ға жуық әуе рейсі кешікті. Ал әуежай бірнеше сағатқа жабылған. Индустрия министрлігі таратқан ақпарға сәйкес, ұшу-қону жолағы қардан тазартылуына байланысты уақытша жұмыс істемеген. Ауа райының қолайсыздығынан 12 рейс шегерілді. Көлік қозғалысы да қиындады.

Түні бойы жауған қалың қардан жолдарда кептеліс пайда болып, жұрт діттеген жеріне жете алмай жатыр. Шаһар әкімдігінің мәліметінше, қар күреу жұмыстарына 2 мыңға тарта адам жұмылдырылды. Қазір қаладағы коммуналдық кәсіпорындар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Өйткені бірнеше күн қатарынан боран соғып, қар жауып тұр. Қаланы қардан тазалау үшін күн сайын көшеге 1000 арнайы техника шығады.

Синоптиктердің болжамы бойынша бас шаһарда бүгін де қар жауады, боран және көктайғақ болуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу