Информатика пәнінің оқыту әдістемесін жетілдіру қажет - Мамандар

25.10.2018

Инновациялық технологияларды жете меңгермей, мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру мүмкін емес. «Үздік авторлық бағдарлама» бәйгесіне қатысқан жас педагогтар осыны айтты. Олардың сөзінше, осы заманға сай оқыту құралдарын жан-жақты игеру арқылы кәсіби маман болуға мүмкіндік зор. Сондықтан, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша енгізілген өзгерістерді тиімді жүзеге асыру қажет. Ал, бұл бағытта ең бірінші информатика пәнінің оқыту методикаларын қазіргі уақыт талабына сай жетілдіру көзделген.  

Гүлжанат Қалдыбайқызы, Ақтөбе қалалық №21 мектеп-гимназиясының мұғалімі:

- «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында біздің мемлекетіміз «Ақылды қала», «Ақылды үй» сияқты жобаларды жүзеге асыруда. Болашақта өз елімізде сондай бағдарламаларды жасайтын адамдар шығуы керек. Ол үшін, ағылшын тіліндегі барлық жаңалықтардан хабардар болу үшін біз ерте жастан ағылшынша оқытуды үйретеміз. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу