Қазақстан мен АҚШ Қарулы Күштер саласында ынтымақтастық орнатпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен АҚШ Қарулы Күштер саласында ынтымақтастық орнатпақ

04.02.2016
Қазақстан мен АҚШ Қарулы Күштер саласында ынтымақтастық орнатпақ

Үйлестіруші офицерлердің жұмыс тобының үш күндік отырысы барысында 2016-2017 жылдарға арналған ҚР мен АҚШ ҚК әскери ынтымақтастығы жоспарының жобасы әзірленді. Жақын арадағы екі жылда әскери салада қазақстандық-американдық өзара қарым-қатынастың дамуының негізгі бағыттары бойынша бітімгершілік қызмет, Қарулы Күштерді кәсібилендіруде көмек көрсету, сондай-ақ әскери білім беру болмақ.

Осылайша, Қазақстанның оқу орындарында оқыту әдістемелерін жетілдіру, сержанттар корпусын дамытуға жәрдем беру жоспарлануда. Сонымен бірге, тілдік оқыту бойынша жұмыс өз жалғасын табады. Болашақ жоспарда Қазақстан мен АҚШ әскери оқу орындарының курсанттарымен тәжірибе алмасу да бар. Осы жылы екі елдің әскери байланысы шеңберінде алғашқы бірлескен іс-шара өткенін айта кеткен жөн. Тұңғыш рет ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында кадеттерді оқыту әдіснамасын жетілдіру мәселелері жөнінде семинар өтті.

АҚШ ҚК Құрлық әскерлерінің сержант-майорлары академиясының нұсқаушы сержанттары оқытушылар және сержанттар құрамымен сабақтар өткізді. Кадет корпусының 25-ке жуық оқытушысы мен сержанты семинарда сабақтарға дайындалу, топта жұмыс істеу, жоспар-конспектілерді әзірлеу, өзіндік жұмысты ұйымдастыру және үйренушілерді бағалау әдістемесін пысықтады.

Хабарламаларға жазылу