Оқыту әдістерін оңтайландыру қажет

04.01.2018

 

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімдердің кәсіби қызметкерлігін дамыту». Алматыда осындай атаумен алқалы жиын өтті.

 

«Өрлеу» бірлестігі ұйымдастырған инновациялық технологиялар туралы семинар-тренингке білікті мұғалімдер қатысты.

 

Бұл басқосу үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогикалық кадрлардың кәсіби дамуына септігін тигізеді, дейді мамандар. Себебі, білімді жетілдірудің жаңа моделін құру керек.

 

Мәселен, көптілді білім беру, «КЛИЛ» әдістемесі сын тұрғысынан ойлау, критериалды бағалау, жобалау технологиясы және «Блум» таксономиясы осы салаға ауадай қажет жобалар.

 

Шавкат Умаров, №153 мектеп-гимназиясының директоры:

Мұғалімдерді Ұстаздар үйіне алып келдік. Біздің мектепте 108 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 102-сі осында келіп, топтарға бөлініп, 4 тақырып бойынша жұмыс істеп жатыр.

 

 

Руслан ҚОСАНОВ  

Хабарламаларға жазылу