Бүгінгі агрофорумның аясында өткен семинарда мамандар осы тақырыпты көтерді. Жолдауда көрсетілген агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін 2,5 есеге арттыру инновациялық инновацияларды енгізусіз мүмкін емес. Бұл технологияға да, тәсілге де қатысты. Мәселен, кәсіпорын өнімділікті немесе сапаны арттыруды мақсат етеді. Ал, ғалым тура осы бағытта зерттеулер жүргізуге кіріседі. Сонда бұл саланың қарыштап дамуына, өнім бағасын арзандатуға, экспортты арттыруға да көмек болады.
Ұлан Тәжібаев, Ұлттық ауыл шаруашылық ғылыми оқыту орталығының басқарма төрағасы:
- Әр облыста ғылыми-зерттеу орталықтарын ашпақпыз. Сол орталықтарда деңгейі жоғары мамандар жұмыс істейтін болады.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.