Салықтан жалтарғандарды енді сергек камералары арқылы анықтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салықтан жалтарғандарды енді сергек камералары арқылы анықтайды

09.10.2018

Салыққа қарызы барларды енді сергек камералары арқылы анықтайды. Мемлекеттік кірістер комитеті мен Астана қалалық ішкі істер департаменті берлескен рейд шараларын бастады. Қазіргі уақытта республика тұрғындары көлік салығына 19 миллиард теңгеге жуық қарыз. Оның 13 пайыздан астамы Астана халқына тиесілі. Жол-көлік ережесін бұзғандарды камера арқылы анықтап тоқтатқан кезде кірістер комитетінің қызметкері салық қарызын қоса тексереді. Берешегі анықталса хабарлама жазып береді. Борышкер оны 30 күннің ішінде өтеуге міндеттеледі. 

Айнұр Құлшықова, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы:

- Егер ол төлемесе 30 күн өткеннен кейін біз заң бойынша салық бұйрық шығаруымыз керек. Қайтадан салық төлеушіге табыс етеміз. Егер салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде оны орындамаса бұл салық бұйрық мәжбүрлі түрде орындау үшін сот орындаушыларға жіберіледі. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу