Ақтөбеде мұз сарайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мұз сарайы ашылды

08.10.2018

Ақтөбеде еліміздің батыс аймағында теңдесі жоқ мұз сарайы ашылды. Арена 2,5 мың көрерменге арналған.

Жоба құны - 3 миллиард 700 миллион теңге. Оның 70 пайызын словакиялық компания қаржыландырды. Мұнда хоккей академиясы мен мәнерлеп сырғанау мектебі жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Ақтөбе» хоккей клубының ойындары өтеді. 28 жылдық үзілістен кейін қайта ашылған жастар клубы алғашқы ойынын петропавлдық «Құлагер» командасымен өткізді. Жергілікті билік өкілдері мен жаттықтырушылар «бұл спорт түрінің қайта жандануы аймақта қысқы спорт түрлерін дамытуға және жастардың қызығушылығын одан әрі арттыруға септігін тигізеді», - деп отыр. 

Анна Лычко, мәнерлеп сырғанаудан аға жаттықтырушы:

- Бізде көптен мұндай мұз айдыны болған емес. Арена көп көрермен сыйғыза алады. Біз жаттығып жүрген мұз айдыны тек жаттығуларға арналған еді. Алдағы уақытта бұл жерден елімізге танымал хоккейшілер мен мәнерлеп сырғанаушыларды, шорт-трек шеберлерін көреміз деген үміттемін.  

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу