Еуропада коронавирус құрбандарының саны күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирус құрбандарының саны күрт көбейді

26.03.2020

Еуропаның бірқатар елдері коронавирус эпидемиясының алғашқы кезеңінде карантин ережелерін толық орындамады. Олар ресторандарға, барларға, жағажайлар және өзге де қоғамдық орындарға көптеп барып, көшелелерге маскасыз шықты немесе санитарлық-гигиеналық талаптарға аса мән бермеді. Соның нәтижесінде бүгін Испания коронавирус құрбандары саны жағынан Қытайды басып озып, Италиядан кейінгі екінші орынға шыққан. Мұнда қазір 1800-орындық мұз айдыны сарайы вирустан қайтыс болғандардың денелерін жинайтын мәйітханаға айналып отыр.

Хабарламаларға жазылу