Қазақстанда Қызыл Крест комитетінің кеңсесі ашылады. Мәжілісте аталған бағыттағы заң жобасы бойынша баяндама жасаған еліміздің Сыртқы істер министрі осылай деді. Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, бастапқы кезеңде комитет кеңсесінде 3 адам қызмет атқарады. Барлығы Қазақстан азаматы болуы тиіс. Егер жобалар саны мен жұмыс көлемі артса, адам саны 5-ке жеткізіледі. Ал, Қызыл Крест комитетінің басшысы халықаралық деңгейдегі конкурс арқылы анықталады. Ол шетел азаматы болуы да ықтимал. Ел Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы келісімді ратификациялау - төтенше жағдайлардың құрбандарына көмек көрсетуге және гуманитарлық құқық пен қағидаттарды дамытуға серпін береді.
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Жобаны қабылдау - Қазақстандағы осы комиметтің кеңсесін ашуға және оның қызметін барынша аз шығындармен және көмекке мұқтаж адамдарға тікелей пайдасын барынша арттыра отырып, жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.