Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс орындарына смартфондарын алып кіретін болды
Дегенмен, ұялы телефондағы бірқатар функциялардың жұмысы шектеледі. Бұл арнайы жүктелген бағдарламаның арқасында жүзеге асырылады. Кіреберісте смартфонды арнайы магниттік тетікке жақындатса камерасы істен шығады. Ал, қайта шыққан кезде сол тетік телефон жұмысын қалпына келтіреді. Бұл смартфонның жалпы жұмысына еш бөгет жасамайды.
Бекболат Молдабеков, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Цифрландыру департаменті директорының орынбасары:
- Әзірге бір департамент қана жүйені пайдаланып жатыр. Яғни, жоба пилоттық режимде. Тиімділігі дәлелденіп жатса жыл соңына дейін барлық мемлекеттік органдарға енгізіледі. Кеңсе ішінде қызметкер бағдарлама жұмысын тоқтатып, камерасын іске қосуға әрекеттенсе бізге сигнал түседі.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
