Қазақстандық сарбаздар бітімгершілік мақсатпен Ливанға баратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық сарбаздар бітімгершілік мақсатпен Ливанға баратын болды

03.10.2018

Алғашқы топ Үндістанның қарулы күштерімен бірлесе 6 айлық сапарға аттанды. Оларды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Үндістанның Қорғаныс министрі Нирмала Ситара салтанатты түрде шығарып салды.

Енді олар жат елде Біріккен Ұлттар Ұйымының саясатын жүргізуге ықпал жасап, бейбіт жағдайда жұмыстарын жалғастырады. Үндістанның Қорғаныс министрі Нирмала Ситара Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Ол Сыртқы істер министрімен және тағы да басқа ресми өкілдермен кездесулер өткізді. Осылайша, Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты, саяси байланыстарды одан әрі арттыру шараларын іске асыруда.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу