СҚО-да сібір жарасының ошағы қатаң бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да сібір жарасының ошағы қатаң бақылауда

31.08.2021

Солтүстік Қазақстанның Ақжар ауданында сібір жарасының тіркелуіне байланысты жаңа қаулы қабылданды.

Новосельское елді мекенінде 3 бас ірі-қарадан қауіпті дерт анықталған болатын. Ауру малды сою кезінде инфекция жұқтырған адам ауруханада жатыр. Ол жұмыс істейтін шаруашылық басшысына мал сою кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмағаны үшін 100 айлық тесептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Карантин аймағында республикалық эпизоотиялық жасақ жұмыс істеуде. Ауру ошағынан мал шаруашылығы өнімдері мен биологиялық қалдықтарды шығаруға тыйым салынған.

Марат Ыбыраев, Облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспектор: 
Сараптама жасап, аурудың ары қарай таралуының алдын алу мақсатында аудан аумағы 4 аймаққа бөлінді. Жұқпа ошағы мен буферлік шекара қатаң бақылауда. Күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қалған екеуінде де тиісті карантиндік шаралар жүзеге асырылуда. 1700-ге жуық ірі-қараға екпе салынып, 70 мың шаршы метр аумақта екі рет залалсыздандыру шаралары жүргізілді. 

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу