Агроөнеркәсіпті кешенді түрде дамыту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агроөнеркәсіпті кешенді түрде дамыту керек

24.09.2018

2021 жылға қарай еліміздің ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігі екі жарым есеге артпақ. Алматыда бас қосқан белді ғалымдар осыны жеткізді. Алқалы жиынға ауыл шаруашылығы бойынша әлемде көш бастап тұрған АҚШ пен Нидерланд зерттеушілері қатысты. Олар алдағы уақытта біздің мамандармен бірігіп, елдегі экспортқа бейімделген агро өнімдерінің көлемін ұлғайтпақ. Өйткені, қазір Қазақстанда агроөнеркәсіп кешендерінің 20 пайызы тек ірі компанияларға тиесілі. Мысалы, ет өнімдерінің 62 пайызын үй шаруашылығымен айналысатын шағын қожалықтар береді. Ал, 40 пайыз кәсіпкерлердің жері 10 гектардан аспайды. Мұндай жағдайда өнім көлемі азаяды. «Сондықтан, жерді тиімді пайдалану керек», - дейді ғалымдар. 

Тілектес Есполов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

- Аграрлық секторда бүгінгі күні 185 мың агроқұрылым жұмыс жасайды. Ал, 1,6 млн. үй шаруашылығындағы шаруалар. Оның ішінде 177 мыңы шаруа қожалықтары. Жалпы, Қазақстанды егер алып қарайтын болсақ, 80 пайызы кіші шаруашылықтар. Екінші проблема бүгінгі кезде ауыл шаруашылығындағы өнімнің төмендігі. 

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу