Қоғамдық спортты дамыту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық спортты дамыту керек

24.10.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үшін қоғамның әрбір азаматы атсалысуы керек. Алматылық қоғам белсенділері осыны жеткізді. Олардың сөзінше, ұлттық сананы түлету жұмысын қоғамдық спорт түрлерін дамытудан бастауымыз тиіс. Мәселен, шахмат ойыны адамның интелектуалдық қабілетін арттырады. Ала тақта ойынын үнемі ойнайтын адам өзіне сенімді, сергек жүреді. Ең бастысы, еңбекке деген белсенділігі артып, оқуға деген құштарлығы оянады. Еш еңбектің еленгенін шахмат ойынынан көреміз. Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік сияқты талапты жас қыздар Қазақ елінің мерейін асырып, әлемге танытып жүр.

Дамир Шыныбеков, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры:

- Ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша біз осыны дамытуымыз қажет деп ойлаймыз. Шахмат бұл мидың гимнастикасы дейді, ақылдың гимнастикасы дейді. Бүгін мінекей еліміздің мақтанышы Әлем чемпионы Жансая Әбдімәлік жалпы барлық тұрғындарға осындай ойын жасатып жатыр. Уақытын тауып. Шахмат осы біздің патенциалды арттыратын ойын деп ойлаймын.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу