Көкшетауда туризм академиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда туризм академиясы ашылды

24.09.2018

Көкшетауда қызмет көрсету және туризм академиясы ашылды. Жобаның жүзеге асуына өңірлік кәсіпкерлер палатасы бастамашы болды. Ақмола облысының туризмді дамытудағы әлеуеті жоғары. Бүгінде саланы өркендету үшін өңірлік жол картасы жасақталды. Жұмысты сәтті орындау үшін сапалы мамандар қажет. Сондықтан, туризм саласына мамандар даярлап, қызмет көрсету сапасын жоғарылату жоспарланған. Академия мобильді болмақ, яғни, оқытушылар мейрамханалар мен қонақүйлерге барып, жұмыстың нақты тәсілдерін көрсетеді. Тыңдаушыларды саладағы үздік мамандар, бизнес-тренерлер үйретпек. Түркиядағы мекемелермен де меморандумға қол қойылып, әріптестік орнайды. 

Тимур Нахипбеков, Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры:  

- Облысымызда, қаламызда алдын ала мониторинг өткіздік. Кәсіпкерлердің қызығушылығы өте үлкен. Өйткені, барлығын бір стандартта, бір деңгейде оқытатын және де сертификация беретін мектеп жоқ. Сондықтан, осы академия сондай бизнесті дамытатын, оқытатын орталыққа айналады. 

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу