Семейде Huawei ICT академиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Huawei ICT академиясы ашылды

02.03.2024

Семейдегі Шәкәрім университетінде Huawei ICT академиясы ашылды. Орталықта ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар білімі алып, біліктілігін шыңдайды. ІТ технологияларды дамытып, жасанды интеллекті жетілдіру үшін академия жастарға үлкен мүмкіндік. Мамандар осы саланы меңгеруге ниетті кез-келген адамды үйретуге дайын. Академияда теориялық білім алғандар, дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, еліміздің ақпараттық және коммуникациялық технологияларын дамытуға үлес қосады дейді ғалымдар.

Думан Орынбеков, Шәкәрім университетінің ректоры:

Заманауи технологияларды. Жабдықтарды осы Шәкәрім университетінің базасында, осы академияның негізінде құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі қолдауымен бүгінгі таңда еліміздің әр өңірлерінде бірнеше осындай академиялар ашылған болатын.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу