Балқашта дәрігерлер нәрестені аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта дәрігерлер нәрестені аман алып қалды

21.09.2018

Балқашта жүрегі оң жақта орналасқан сәби дүниеге келді. Нәрестенің өзге де ішкі органдарының орындары ауысып кеткен. Кішкентай Томирис биылғы 24 тамызда қалалық перзентханада өмірге келген. Салмағы 3 келі 702 грамм, бойы 54 сантиметр болған.

Оның денсаулығында өкпенің қабынуы, гипоплазия, асқазан ауруы, қанның аздығы сынды туабітті патологиялық өзгерістер болған. Сәби жол көтере алмайтын болғандықтан, Балқашқа облыстық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері шақыртылды. Білікті мамандар операция жасап, нәрестенің ішкі органдарын қалпына келтірді. «Қазір бөбектің жағдайы жақсы»,-  дейді мамандар. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу