Басты Жаңалықтар «Ең үздік университеттер» рейтингіне Қазақстанның 44 ЖОО енді

«Ең үздік университеттер» рейтингіне Қазақстанның 44 ЖОО енді

«Ең үздік университеттер» рейтингіне Қазақстанның 44 жоғары оқу орны енді. Халықаралық аналитикалық агенттік Азияның ең үздік университеттері рейтингін жариялады. Орталық Азиядан енген 112 университеттің 44-і қазақстандық. Көрші елдермен салыстырсақ, Өзбекстан – 204 ЖОО-ның ішінен 22-мен, Қырғызстан – 61 ЖОО-дан 6-мен, Тәжікстан – 27 университеттің ішінен 1-мен енген. Сонымен қатар Қазақстан Орталық Азияда топ – 100-дікке енген университеттері бар жалғыз ел.


Бөлісу