Басты Жаңалықтар АҚШ-та ұшақтың құлау себебін іздеп жатыр

АҚШ-та ұшақтың құлау себебін іздеп жатыр

АҚШ-та жүк таситын ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 12-ге жетті. 11 адам жараланған. Жердегі адамдар да зардап шекті. UPS логистикалық компаниясына тиесілі ұшақ Кентукки штатындағы Луисвилл әуежайынан көкке көтеріліп жатқанда құлаған. Әуе көлігінің сол жақ қозғалтқышы ұшақ қанатынан бөлініп, өрт тұтанды. Үш двигателі бар ұшақ қалған екі қозғалтқышының көмегімен неліктен ұша алмағаны белгісіз. Оны тергеушілер анықтап жатыр.


Бөлісу