Басты Жаңалықтар Қазан айында «Іздеу-2018» оқу-жаттығуы өтеді

Қазан айында «Іздеу-2018» оқу-жаттығуы өтеді

Қазан айының 1-і мен 5-і аралығында Қазақстанда 7 елдің әскерилері оқу-жаттығу өткізеді. «Іздеу-2018» деп аталатын шараға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер қатысады. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихаты барысында штаб бастығы Анатолий Сидоров мәлім етті.

Жалпы аталмыш ұйым 1 қазан мен 2 қараша аралығында «Жауынгерлік бауырластық-2018» жаттығуын өткізудің жоспарлап отыр. Қазақстандағы «Іздеу-2018» осы ауқымды жобаның ішіне кіреді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ   

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу