Алдағы күндері солтүстік облыстарда жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері солтүстік облыстарда жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін

20.09.2018

«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы тәуліктерде Ақмола облысында нөсер жаңбыр жауып, күшті жел соғады. Кей жерлерде оның жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Ал, 22 қыркүйекте бұршақ жаууы мүмкін. Астанада да бұл күндері оңтүстік-батыстан күшті жел соғып, сенбі күні бұршақ жауады деп отыр. Солтүстік Қазақстанда да жауын-шашынды. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. «Қатты жел соғады»,  дейді мамандар.

 

Данияр МЕҢІЛБЕКОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу