Еліміздің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді

10.07.2014
Еліміздің кейбір өңірлерінде ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 11-12 шілде күндері Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 12-13 шілдеде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 12-14 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күшті жаңбыр жауып, бұршақ жаууы, солтүстіктен соққан желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін екенін ескертеді.

Ауаның температурасы түнде +10+15 градусқа, кей жерлерде +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз +15+20, кей жерлерде +12 градус болады.   

Хабарламаларға жазылу