Астанада әлемге маңызды құжат қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әлемге маңызды құжат қабылданады

19.09.2018

Астанада әлем елдері үшін маңызды құжат қабылданады. Елордада қазанның 25-26 аралығында өтетін Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі жаһандық конференция аясында Астана декларациясы бекітіледі.

Маңызды құжат жалпы дүниежүзіндегі алғашқы көмек көрсетудің әрі қарайғы даму бағытын айқындайды. Еліміздің Денсаулық сақтау министрі бүгін журналистермен кездесіп, халықаралық жиынның маңыздылығына тоқталды.

Елжан Біртановтың айтуынша, Астана декларациясының жобасы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде қарастырылады және оған қызығушылық өте жоғары. Елордадағы конференцияға әлемнің 120-дан астам елінен делегат келеді. Олардың арасында министрлер, беделді халықаралық сарапшылар, БҰҰ агенттіктерінің өкілдері болады.  

 Наоко Ямамото, ДДҰ бас директорының көмекшісі:

- 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясы медициналық-санитарлық алғашқы көмекті насихаттайтын алғашы халықаралық декларациясы болып танылды. Маңызды құжаттың қағидаттары көпке септігін тигізді. Қабылданатын Астана декларациясы да алдыңғысы сияқты жемісті болатынына сенімдімін. Өйткені, бұл құжат көптеген жылдарға жоспар түзеді.

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу