Астанада көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер ала алады

05.07.2023

Астанада көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер ала алады. Тұрғын үй қорының хабарлауынша, ол үшін 17 шілдеден бастап өтініштерді қабылдау басталады. Құжат qatysu.zhilfond.kz сайтында шілденің 26-сына дейін онлайн қабылданады. Көп балалы отбасыларға 86, ал әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға 24 пәтер беру көзделген. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу