Эссе конкурсы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эссе конкурсы жарияланды

31.08.2014
Эссе конкурсы жарияланды

Жазушыларға арналған белгілі бір әңгіме жазып, әлемге өзінің көзқарасын айқындайтын эссе конкурсы жарияланды.

Web of Life қоры әлеуметтік-экономикалық мәселелерге бағытталған халықаралық конкурсқа жұмыстар қабылдайды. Биылғы тақырып – «XXI ғасырдағы нәтижелі көшбасшылық».

Конкурсқа 2000 сөзден аспайтын деректі, ғылыми-танымал және көркем әңгімелер қабылданады. Эссе ағылшын тілінде жазылуы шарт.

Жеңімпазға 1500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалған. Екінші орын алған адам 500 АҚШ долларын алады. Үздік туындылар эссе жинағында жарияланатын болады.

Жұмыстар 30 қыркүйекке дейін қабылданады.


 

Хабарламаларға жазылу