Шенеуніктер арасында қызметкерлеріне салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау белең алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеуніктер арасында қызметкерлеріне салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау белең алған

14.09.2018

Шенеуніктер арасында қызметкерлеріне салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау белең алған. Осылайша, тәртіптік жаза алғандар оп-оңай сыйақы алады немесе еш кедергісіз жоғары лауазымға ауысады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінде айтылды. Мысалы, Алматы қаласына қарасты Түрксіб ауданының әкімдігі тағылымдама мерзімі бітпеген қызметкерлерге сыйақы берген. Батыс Қазақстан облысында да осыған ұсқас жағдай. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қарамағында қызметкердің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алып тастап, оған сыйақы берген. Қазір заңсыз берілген қазына қаржысын мемлекетке қайтарып алу жұмыстары қолға алынған. Кеңес мүшелері өңірлердегі мұндай заңбұзушылықтар әдеп жөніндегі уәкілдердің әлсіздігінен екені айтты. Жиналғандардың әдеп жөніндегі уәкілдер көп жағдайда құқықбұзушылықтарға көз жұма қарайтынын айтты. Сондықтан да, оларды әкімдер емес орталықтан тағайындау керек деген ұсыныс көтерді.

Равиль Тюлебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:

- Қоғамдық кеңестің берген ұсынысын біз әрине, қарайтын боламыз. Яғни, ол жерде әдеп жөніндегі уәкілді орталықтан тағайындауды зерделейтін боламыз. Тоқсан сайын қарастырамыз. Оларға өздерінің кемшіліктерін айтып отырамыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу