«Цифрландыру тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына да белсенді түрде еніп жатыр». Бүгін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заңнамаға енген өзгерістерді таныстырған Инвестициялар және даму министрлігінің департамент директорының орынбасары Марғұлан Әбдікерімов осылай деді. Жаңашылдыққа сай, пәтер иелері, жергілікті атқарушы орган және сервистік компаниялардың өзара қатынасын зерттеу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады. Өзгеріске сай, шығындардың ең төменгі мөлшерін белгілеу қарастырылған. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы жинау жаңа тетіктері айқындалды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.