Павлодар облысында 20 көпқабатты үйде жылу мардымсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 20 көпқабатты үйде жылу мардымсыз

29.10.2023

Екібастұз қаласының тұрғындары жылуға қатысты шағып айтып жатыр. 690 көппәтерлі тұрғын үйдің 20-сында жылу мардымсыз. Оларда температуралық параметрлер қалыпты болғанымен, тиісті қысым жоқ. Соның салдарынан үйді жылумен жабдықтау жүйесінде айналым әлсіз. Қазір жылу электр орталығындағы 10 қазандықтың төртеуі жұмыс істеп тұр, екеуі резервте. Қалған 4 қазандық кестеге сәйкес жөнделіп жатыр.

Болат Аманбаев


Павлодар облысы жылу екібастұз

Хабарламаларға жазылу