Ауылды айтпағанда қала мен аудан деңгейіндегі дәрігерлердің 85 пайыздан астамы компьютермен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Жалпы еліміздегі медицина мекемелерінің 96 пайызы арнайы медициналық ақпараттық жүйеге енгізілген. Электронды паспорттардың саны да 11 миллионнан асқан.
Министрдің айтуынша, электронды жүйеге көшу дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді дұрыс жоспарлауға әсер етеді. Ал, бұл өз кезегінде қазына қаржысын үнемдеуге сеп болады. Үнемделген қаржыға жалпы практикадағы дәрігерлердің жалақысын өсіру жоспарланған.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.