Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар

17.11.2022

Қазақстанда 147 адамның 20-дан астам пәтері бар. «Отбасы банк» үй иелері жайлы тың ақпарат жариялады. 

Жалпы 6 млн 300 мың қазақстандықтың баспанасы бар. Олардың 90 пайызында, яғни, 5,6 млн адамда бір пәтерден. 607 мың азаматта екі пәтерден бар. Үш үйі барлар – 84 мыңнан асады. Төрт баспанасы бар қазақстандықтардың саны – 16 мың. Бесеуден – 4800 адам, 6 пәтері барлар - 1900, 7 баспананың иелері 942 адам. Ал 147 адамда 20-дан аса баспана тіркелген.

Әсима Нұрбай


Хабарламаларға жазылу