Енді Қарағанды көшелері бейнесараптау жүйесі арқылы қадағаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді Қарағанды көшелері бейнесараптау жүйесі арқылы қадағаланады

20.08.2018

Айталық, көшеде адам шамадан тыс көп жиналған жағдайда бейнебақылау қондырғысы орталыққа өздігінен дабыл береді. Ал қоғамдық қауіпсіздікті күшейту үшін ойлап табылған шұғыл байланыс терминалдары әлдеқашан шаһардың бірнеше жеріне орнатылған. Бұл - кеншілер қаласын «ақылды» әрі барынша қауіпсіз етуге бағытталған, заманауи сандық технология көмегімен жүзеге асырылып жатқан тың жобалар. Осы және өзге де жаңалықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының бірлескен сандық технологиялар көрмесінде жұртшылыққа мәлім етілді. Ақпараттық бағдарламалар көмегімен жүзеге асырылған бұл  жобалар үш топқа бөлінеді.

Атап айтсақ, компаниялардың мемлекеттік органдарға ұсынған жобалары, бизнесті ілгерілетуге қажетті ақпараттық технологиялар жетістіктері және азаматтар үшін сервистік бағдарламалар. Шара аясында студенттердің IT саласындағы ізденістері бойынша өткізілген байқаудың жеңімпаздары марапатталды. 

Рәшит Белгібаев, Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының міндетін атқарушы: 

- Негізгі мақсатымыз - халыққа Қарағандыда ақпараттық технологиялардан жасалып жатқан жобаларды көрсету, компанияларды таныстыру. Себебі, жұртшылық IT технология дегенімізді тек шет жағасынан ғана біледі.   

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу