Басты Жаңалықтар Астанада тұрғын үйдің астында орналасқан мейрамханалардың бірінен жиі өрт шығады

Астанада тұрғын үйдің астында орналасқан мейрамханалардың бірінен жиі өрт шығады

Тұрғын үйдің астында орналасқан мейрамханадан жиі өрт шығады. Нысанда қауіпсіздік талаптары дұрыс сақталмаған. Редакциямызға осындай шағыммен елордадағы Қыз Жібек кешенінің  тұрғындары хабарласты. Мейрамханада өрттің тағы қайталануынан қорыққан тұрғындар жиналып, төтенше жағдайлар қызметіне хат та жолдады. Алайда, құзырлы мекемеден де, мейрамхана иесінен де әлі күнге тұщымды жауап ала алмай отыр.

Райхан Қадірова, тұрғын:

- Түскі ас кезінде төбемізден әлдене гүрс етіп құлады. Сөйтсек, құбыр екен. Ол жанып кетіпті. Көк түтіннен есікті ашып шығамын дегенше ауа жетпей қалды.

Зәуреш Тоқтыбаева, тұрғын:

- Көршілермен бірге хат жазып, нені тексеру, жөндеу керек екенін тәптіштеп жаздық.

 Тұрғындар шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіп иесіне «мейрамхананы жап, бизнесіңді тоқтат деп талап қойып отырған жоқпыз», - дейді. Тек мейрамхана иесі айналасындарға зиянын тигізбейтіндей қауіпсіздік талаптарын орындаса деген тілектерін білдірді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу