Кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізуі қажет

Отандық тауар таңбасы шетелдік маркаға айналып кетпеуі тиіс. Ол үшін кәсіпкерлер өз тауарының таңбасын мемлекеттік тіркеуден өткізуі қажет. Сонда заң бұзушылық азайып, отандық бизнесмендер өнімдерін еркін экспорттап, елдегі экономиканың дамуына септігін тигізеді.
Бұл мәселе бүгін Алматыда «Өнеркәсіптік меншік саласындағы даму және бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында өткен республикалық семинарда көтерілді.
Бүгінде тауар таңбаларын тіркеу 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өскен. Бұл қадам кәсіпкерлердің құқығын қорғап, тұтынушылардың өнім сапасына деген сенімін арттырады. Контрафактілі өнімдердің таралуына тосқауыл қояды.
Бүгінгі семинарда ЖОО, мәдени мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер, шағын және орта бизнес өкілдері зияткерлік меншіктің мүмкіншіліктері туралы көлемді ақпар алды.
Балжан Құтымова, Ұлттық зияткерлік меншік институты филиалы оқу орталығының басшысы:
Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері халыққа жете бермейді. Шағын және орта бизнес өкілдері құқықтарын білмегендіктен контрафактілік өнімдер таралуда. Олардың жолын кесу мақсатында шаралар жүргізіліп жатыр.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38

Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05
VIII съезд жұмысын халықаралық делегаттар жоғары бағалады
18.09.2025, 20:01
Дін адамзатты біріктіру құралы ретінде пайдаланылуы тиіс
18.09.2025, 19:58
Алатау қаласы тұрғындарға жайлы өмір сыйлайды
18.09.2025, 19:56