Қостанай облысында көлік жүргізушілеріне 40 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында көлік жүргізушілеріне 40 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

02.08.2018

Олар жүк көліктерінің салмағына қойылатын талапты сақтамаған. Шектеуден артық жүк тиеп алғандардың кесірінен күре жолдар тез бүлінуде. Келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Көліктік бақылау инспекциясы Қостанай-Қарабалық магистралінің бойында рейдтік тексерістер жүргізді. Қарабалық ауданында орналасқан бақылау бекетінен күніне ондаған автокөлік өтеді.

Мұнда рұқсат етілген жүк салмағы 10 тоннадан аспауы тиіс. Бірақ, оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Жыл басынан бері уәкілетті орган 11 мыңға жуық  автокөлікті тексерді. Заңды бұзған 700-ге тарта жүргізуші жауапқа тартылды.        

Руслан Сейталин, облыстық Көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

- Жыл басынан бері 676 әкімшілік іс қозғалды.  39 млн. теңге айыппұл салынды. Оның 37 млн-ы мемлекет пайдасына өндірілді. Қарабалық тексеру бекеті күні-түні жұмыс істейді. Арнайы жабдықтардың бәрі бар. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу