Қызылордада «Үздік дәрігер» мен «Үздік журналист» анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Үздік дәрігер» мен «Үздік журналист» анықталды

30.12.2014
Қызылордада «Үздік дәрігер» мен «Үздік журналист» анықталды

Қызылорда облысында әр салада қажырлы қызмет атқарып жүрген үздіктер анықталды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жыл дәрігері» аталымы бойынша облыстық балалар ауруханасының кардиологематология бөлімшесінің дәрігері Нұрбеке Айгузина марапатталса,  «Үздік журналист» аталымын  облыстық «Сыр бойы» газетінің әлеумет және саясат бөлімінің меңгерушісі Дәуіржан Елубаев алды. 

Хабарламаларға жазылу