Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында 36 жастағы ер адам екі баласымен суға кетіп көз жұмды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, азамат суға батып бара жатқан ұлын құтқармақ болып өзенге секірген. Көмектеспек болып, үлкен баласы да суға сүңгіген.
Алайда, қатты ағыс дес бермей, ағызып әкеткен. Денелері әлі табылмады. Қазір оларды 80 адам 11 қайықпен іздестіруде.
Сондай-ақ, құтқарушылар Зайсан көлі мен Сасықкөл су қоймасынан жоғалған балықшыларды да әлі іздестіріп жатыр. Шомылу маусымы басталғалы бері өңірде 26 адам суға батып кеткен.
Анастасия Вебер, ШҚО ТЖД баспасөз қызметшісі:
- Құтқарушыларға жергілікті тұрғындар да көмек көрсетуде. Бірақ, қара Ертістің деңгейі көтіріліп кеткен. Қатты ағыс, су өте лай. Кей жерлерде иірімдер бар. Осы кедергілердің бәрі суға кеткендердің денесін табуға мүмкіндік бермей жатыр.
Айдана ДАЙЫРОВА
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.