Оралда автокөлік суға кетіп, 2 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда автокөлік суға кетіп, 2 адам көз жұмды

11.07.2022

Оралда ағайынды екі жігіт суға батып кетті. Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1991 және 2003 жылы туған азаматтар рұқсат етілмеген жерге шомылған. Құтқарушылар олардың денелерін судан алып шықты.

Ал Қарағанды облысында автокөлік суға кетіп, екі адам көз жұмды. Оқиға 9 шілде күні Қарағанды-Қарқаралы тас жолының 34-ші шақырымында болған. Куәгерлер автокөлікті құтқарушылар келгенше өздері шығармақ болған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерге тарап кетті. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Audi-80 көлігінің 56 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші ауруханада жатыр.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу