Енді тұтынушылар үйден микро несие ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді тұтынушылар үйден микро несие ала алады

24.07.2018

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы - әлемдік сауда нарығындағы жаңа мүмкіндіктерді тиімді игеруге жол ашты. Бұл туралы Алматыда өткен алқалы жиында беделді сарапшылар айтты. Олардың сөзінше, технология дамыған сайын қаржы нарығындағы онлайн жүйесінің қызмет көрсету жеделдігі артқан. Бұдан былай, заманауи технологияны жан-жақты меңгерген тұтынушылар үйде отырып-ақ, микро несие ала алады. Бұрынғыдай банк есіктерін жағалап, сансыз құжат жинаудың қажеті жоқ. Тек сіздің қолыңызда электронды сандық қолтаңба мен смартфон және ноутбук, компьютер болса жеткілікті. Осылайша, елдің кез келген өңіріндегі шалғай елді мекендерден несие алуға мүмкіндік бар. Сондықтан, осы жоба шағын және орта бизнестің өркендеуіне жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Олжас Құндақбаев, «Онлайн жазыл» компаниясының бас директоры:

- Мысалы, ауылдағы жерлесіміз ЭЦП-ны алып ХҚКО-нан микро кредит ала алады. Смартфон арқылы интернетпен, ешқайда бармайды. Ақша бірден картаға түседі. Біздің ойымызша, ЖІӨ одан қатты өседі. Өйткені, барлық бизнес онлайн болады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу